17.05.2017, 14:43 3885

Қарағанды облысыныӊ әкімі ғылыми-техникалық кеӊес құруды ұсынды

Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошанов ғалымдармен кездесті. Басқосуда ғылымға қатысты проблемалар, өндіріспен серіктестік құруды дамыту мәселелері талқыланды. Аймақ басшысы ғылым зиялыларына қоғамдық сананы рухани жаӊғырту бойынша бағдарламаны жүзеге асыруға өз үлесін қосу туралы ұсыныс жасады.

Қарағанды. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошанов ғалымдармен кездесті. Басқосуда ғылымға қатысты проблемалар, өндіріспен серіктестік құруды дамыту мәселелері талқыланды. Аймақ басшысы ғылым зиялыларына қоғамдық сананы рухани жаӊғырту бойынша бағдарламаны жүзеге асыруға өз үлесін қосу туралы ұсыныс жасады.

"Қарағанды облысыныӊ ғылыми әлеуеті әрдайым мықты болған. Бұл біздіӊ ғалымдардыӊ еӊбегі. Бүгінгі таӊда Президенттіӊ бастамасы арқасында біз үшін жаӊа мүмкіндіктер туып отыр. Экономиканыӊ барлық салаларындағы инновациялық технологияларды дамыту бойынша ауқымды жұмыстар күтіп тұр. Қоғамдық сананы рухани жаӊғыртуды жүзеге асыруда әріптестік орнатудыӊ мүмкіндігі кеӊ", - деді Ерлан Қошанов.

Университеттердіӊ ректорлары ЖОО-ныӊ жасаған жұмыстарымен таныстырды. Ғалымдар өз идеяларымен бөлісті. Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті аймағымыздағы өнеркәсіп саласына сандық технологияны енгізуге көмек көрсететіндерін жеткізді. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті биылғы жылы латиницамен жазылған үш математика пәнініӊ оқулықтарын шығаруды жоспарлап отыр. Аталмыш ЖОО-ныӊ тарихшылары ЭКСПО-2017 қонақтары үшін археологиялық қазбаларға турлар ұйымдастыруды ұсынды.

Робототехника саласындағы мамандар көктемгі су тасқынын болжауда өз көмектерін ұсынды. Сонымен қатар кездесу барысында онкологиялық науқастарды сауықтыру, отандық фармацевтиканы жетілдіру мәселелері де талқыға түсті.

Бұл мәселелердіӊ барлығы жіті назар аударуды талап етеді деп есептейді облыс әкімі. Кейбір сұрақтар бойынша ол жеке кездесулер ұйымдастыруды тапсырды. Ғылыммен анағұрлым тығыз байланыс орнату үшін бейінді жұмыс органын құру қажет дейді аймақ басшысы.

"Ғылыми-техникалық кеӊес немесе басқа да бір кеӊес беру органын құрайық. Онда біріге отырып, өндіріс саласына ғылыми жетістіктерді қалай енгізу керектігін талқылайтын боламыз. Ирбір отырысты белгілі бір ЖОО-да өткізетін боламыз", - деп, ұсыныс білдірді Ерлан Қошанов.

Облыс әкімі ғалымдарға жеке өздерініӊ жасаған іс-әрекеттерімен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ бастамасымен құрылған "Туған жер" бағдарламасын қоддауды ұсынды. "Ғылыми меценаттықты дамытуға болады. Сіздердіӊ әрқайсыӊыз өздеріӊіз оқыған мектепке барып, лекция оқып, дәріс курстарын ұйымдастырсаӊыздар нұр үстіне нұр болар еді", - деп Ерлан Қошанов ЖОО жетекшілері мен профессорларына өз тілегін айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны