06.07.2006, 18:54 2908

Қарағанды облысының әкімшілігі апат салдарынан 14 адам қаза тапқан жол бөлігін кеңейту мүмкіндіктерін қарастыруда

ҚАРАҒАНДЫ. 6 шілде. Kazakhstan Today. Қарағанды облысының әкімшілігі 14 адам қаза тапқан Алматы-Астана жолын кеңейту мәселесін қарастырады,-деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бүгін облыс әкімшілігінде болған жиында жол полициясы қызметкерлері, нақ осы тас жолда жыл басынан бері жол апатынан 32 адамның қайтыс болғанын хабарлады. Жалпы, Қарағанды облысында жыл басынан бері 536 жол апаты тіркеліп, 119 адам қаза тапқан.

Мәжіліс қортындысы бойынша, жолдардағы жағдайды бақылап отыратын арнайы комиссия құрылатын болды. Оған қоса, комиссия тас жолдағы қауіпті жерлерді кеңейту мүмкіндігін қарастырады.

Жиынға қатысушылар жол апатынан қаза тапқандардың құрметіне тағзым етті. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, кешеден бері қалаға марқұмдардың туған-туыстары келіп жатыр.

Осыған дейін айтылғандай, 5 шілде күні Алматы –Астана жолының 859 шақырымында 6 сағат 30 минутта Алматыдан Павлодарға бағыт алған 24 жолаушысы бар автобус 40 тонна кұрғақ сүт алып келе жатқан “МАН” автофургонымен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан 14 адам сол жерде мерт болып, 12 адам жарқаттанды. Алдын ала болжам бойынша, оқыс оқиғаның шығуына жүк көлігінің жүргізушісі кінәлі. Ол рульде ұйықтап кеткен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны