22.06.2010, 15:28 3317

Қарағанды облысының әлеуметтік-медициналық мекемелерінде мүгедектер мен қарттардың әлеуметтік төлемақылары талан-таражыға салынуда

Қарағанды облысының әлеуметтік-медициналық мекемелерінде мүгедектер мен қарттардың әлеуметтік төлемақылары талан-таражыға салынуда

Қарағанды. 22-маусым. Kazakhstan Today Қарағанды облысының әлеуметтік-медициналық мекемелерінде мүгедектер мен қарттардың әлеуметтік төлемақылары талан-таражыға салынуда. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне Қарағанды облысының прокуратура басқармасының прокуроры Руслан Нұрғалиев хабарлады.

Р. Нұрғалиевтің айтуынша, Қарағанды облысының прокуратурасы облыстың әлеуметтік-медициналық мекемелерінде тұратын мүгедектер мен қарттардың құқықтарының сақталуына қатысты тексеру жүргізген болатын.

"Тексеру нәтижесі әлеуметтік-медициналық мекемелер мүгедектердің әлеуметтік төлемақылары заңсыз талан-таражыға салып отырғандықтарын көрсетіп отыр",- деп хабарлады прокуратура өкілі.

Оның айтуынша, зейнетақы мен жәрдемақылардан түсетін қаржы қарамағындағы мүгедектер мен қарттарға дәрі-дәрмектер мен басқа да медициналық құралдар, азық-түлік сатып алуға, санитарлық тазалық құралдарына және тағы басқа да тауарлар сатып алуға жұмсалып отырған. Бірақ аталмыш мақсаттар мүгедектер мен қарттардың жәрдемақылары есебінен емес, бюджеттен қаржыландырылуға тиіс.

Сонымен қатар, Р. Нұрғалиевтің хабарлауынша, облыс прокуратурасы облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасына аталмыш заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны