25.02.2016, 11:51 4282

Қарағанды облысыныӊ ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасыныӊ қызметкерлерімен аса ірі көлемде "героин" есірткі заты тәркіленді.

Екі факті бойынша материал сотқа дейінгі тергеп -тексерудіӊ біріӊғай тізіліміне тіркелді, ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астана. 25 ақпан. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 24-ші ақпанында Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасыныӊ қызметкерлерімен Осакаров ауданыныӊ Есіл ауылында жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында есірткі сатты деген күдікпен 42-жастағы қала тұрғыны ұсталып, оныӊ үйіне жүргізілген санкцияланған тінту барысында 1 килограммнан астам "героин" есірткі заты тәркіленді. Сол күні Теміртау қалалық Ішкі істер басқармасы Есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімініӊ қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында қаладағы шағын аудандарыныӊ бірінен 37-жастағы қала тұрғыныныӊ басқаруындағы "ВАЗ-2170" автокөлігі тоқтатылып, көліктен 500 граммнан астам "героин" есірткі заты анықталып тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Екі факті бойынша материал сотқа дейінгі тергеп -тексерудіӊ біріӊғай тізіліміне тіркелді, ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз -қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны