10.02.2016, 10:45 2524

Қарағанды облысыныӊ ІІД немқұрайлылық танытпаған көршіні марапаттайды

Қарағанды облысыныӊ ІІД басшылығымен қылмыскерді құрықтауға көмектескен, Теміртау қаласыныӊ тұрғынын марапаттау туралы шешім қабылдады. Немқұрайлылық танытпаған көрші, өзініӊ көршісіне қатысты құқықбұзушылық әрекеті жасалғанын байқап, жедел түрде полиция жасағын шақырып қылмыскердіӊ "ізін суытпай" қолға түсуіне қолғабыс жасады

Қарағанды. 10 ақпан. Kazakhstan Today - Қарағанды облысыныӊ ІІД басшылығымен қылмыскерді құрықтауға көмектескен, Теміртау қаласыныӊ тұрғынын марапаттау туралы шешім қабылдады. Немқұрайлылық танытпаған көрші, өзініӊ көршісіне қатысты құқықбұзушылық әрекеті жасалғанын байқап, жедел түрде полиция жасағын шақырып қылмыскердіӊ "ізін суытпай" қолға түсуіне қолғабыс жасады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2016 жылдыӊ 9-шы ақпанында Теміртау қаласыныӊ 17 жасар тұрғыны 88 жастағы зейнеткердіӊ үйіне терезесін сындырып кіріп, зорлық-зомбылық көрсетіп, 70 мыӊ теӊге көлеміндегі ақшаны алып, дереу ізін суытқан.

Қазіргі уақытта ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған материал сотқа дейінгі тергеудіӊ біріӊғай тізіліміне ҚР ҚК 192 бабы 2 тармағы "Қарақшылық шабуыл" бойынша тіркелді. Тергеу жүргізілуде.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны