09.07.2015, 12:45 3130

Қарағанды облысыныӊ ІІД және Теміртау қаласыныӊ ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері металлургтер қаласындағы ломбардтардыӊ біріне қарақшылық шабуыл жасаған қылмыскерлерді тәулік ішінде қолға түсірді.

5 шілде күні Теміртау қаласындағы ломбардтардыӊ біріне белгісіз біреулер күндізгі уақытта пышақ және қаруға ұқсас құралмен күзетшіні қорқытып, сөреніӊ шынысын сындырып, қымбат бағалы әшекей бұйымдарды ұрлап, ізім-қайым жоғалған

Астана. 09 Шілде. Kazakhstan Today - 5 шілде күні Теміртау қаласындағы ломбардтардыӊ біріне белгісіз біреулер күндізгі уақытта пышақ және қаруға ұқсас құралмен күзетшіні қорқытып, сөреніӊ шынысын сындырып, қымбат бағалы әшекей бұйымдарды ұрлап, ізім-қайым жоғалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қарақшылық шабуылды ашу үшін арнайы жедел тергеу тобы құрылып, қысқа мерзімде қарақшылардыӊ негізгі түр-сипаттары анықталады. Бейнебақылау камераларына сүйене отырып, куәгерлердіӊ көрсетпе анықтамаларын да негізге алған.

7 шілде күні Теміртау қаласыныӊ көшесінен қарақшылық шабуыл жасағандардыӊ біреуі қолға түскен. Анықталғандай, қарақшылық шабуыл әрекетіне қаланыӊ 30 жастағы жұмыссыз тұрғыны барған.

Ұсталған азаматтан айғақ заттар табылған. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қарағанды облысыныӊ ІІД Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны