19.09.2017, 15:27 4266

Қарағанды облысыныӊ "Нұр Отан" партиясыныӊ өкілдері мемлекеттік тілдіӊ латын графикасына көшуін түсіндіру мақсатында кездесу өткізді

Бұл мәселе мемлекетіміз үшін қажет. Өйткені латынға ауысу тіліміздіӊ дамуына, халықаралық мәдени байланыстардыӊ нығаюына көсектеседі. Нақты және жаратылыстану ғылымдарыныӊ, көркем әдебиеттіӊ үздік еӊбектері дәл осы латын қарпімен жазылғанын ерекше атап өткім келеді", - деді "Нұр Отан" партиясыныӊ Қарағанды қалалық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Юлия Бадина.

Қарағанды. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясыныӊ Қарағанды қалалық филиалы Н.В. Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітапханасында ақпараттық-насихаттау тобы мүшелерініӊ сол мекеме қызметкерлерімен кездесуін ұйымдастырды. Кездесудіӊ басты мақсаты - мемлекеттік тілдіӊ латын графикасына көшуін түсіндіру. Спикерлер қазақ әліпбиін латын әліпбиіне ауыстырудыӊ маӊыздылығы туралы айтты.

"Бұл мәселе мемлекетіміз үшін қажет. Өйткені латынға ауысу тіліміздіӊ дамуына, халықаралық мәдени байланыстардыӊ нығаюына көсектеседі. Нақты және жаратылыстану ғылымдарыныӊ, көркем әдебиеттіӊ үздік еӊбектері дәл осы латын қарпімен жазылғанын ерекше атап өткім келеді", - деді "Нұр Отан" партиясыныӊ Қарағанды қалалық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Юлия Бадина. Кездесуге қатысушылар латынша әліпбиді енгізу кезеӊдері, мерзімдері туралы сұрақтар қойды. Ақпараттық-насихаттау тобы мүшелері айтқандай, латындандыру 2025 жылға дейін жүргізіледі. Кітапхана қызметкерлері өткізілген кездесудіӊ арқасында кеӊ ауқымды, мазмұнды ақпарат алды.

"Иліпбиді латындыру секілді түйінді мәселе барлық деӊгейде талқылануда, бұл өте жақсы. Осы үдеріс ашық түрде өтуде. Барлық аспектілер жан-жақты ескерілуде", - деді облыстық кітапхана директоры Дина Аманжолова.

"Біз бәріміз орыс әліпбиіне және орыс тіліне үйреніп кеткенбіз. Алайда оныӊ әлем бойынша еӊ қиын тілдердіӊ бірі болып саналу фактісін жоққа шығаруға болмайды. Белгілі себептерге байланысты ол бізге ғана жеӊіл болып көрінеді. Ал, мәселен, шетелдіктер өзара түсінісуі мен қолдануына өте күрделі. Латын әліпбиі, әсіресе, ғаламтор мен IT-технологиялардыӊ қарқынды дамуына орай соӊғы жылдары нағыз жалпы қолданыстық және халықаралық графикаға айналды деп батыл айтуға болады", - деп атап көрсетті Қарағанды мемлекеттік техникалық университетініӊ доценті, филология ғылымдарыныӊ доценті Сәуле Нұрпейісова.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны