03.04.2014, 20:46 3494

Қарағанды облысының нұротандықтары бір күндік жалақыларын Көкпекті ауылының тұрғындарына аударды

Қарағанды облысының партия қызметкерлері өздерінің бір күнгі жалақыларын Бұқар Жырау ауданы Көкпекті ауылының тұрғындарына аударды.

Алматы. 3 сәуір. Kazakhstan today. Қарағанды облысының партия қызметкерлері өздерінің бір күнгі жалақыларын Бұқар Жырау ауданы Көкпекті ауылының тұрғындарына аударды.

"Партияның депутаттық корпусы мен облыстық филиал бір күндік жалақыларын жәбір көрген тұрғындар үшін арнайы ашылған банк есебіне аударды", - деп "Нұр Отан" партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова мәлімдеді.

Сондай-ақ, ол партия мүшелері киім-кешек, ыдыс-аяқ, техника жинап жатқандығын айтты, ол әлеуметтік көмек ретінде Көкпекті ауылынң тұрғындарына жеткізіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны