21.07.2008, 11:18 1770

Қарағанды облысының Шет ауданының әкімі тағайындалды

Қарағанды облысының Шет ауданының әкімі тағайындалды

Қарағанды. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облысының Шет ауданының әкімі болып Қайыржан Тілеубергенов тағайындалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қ. Тілеубергенов Қарағанды мемлекеттік университетін 1981 жылы бітірген. ЖОО бітіргеннен кейін Шет ауданының білім беру жүйесінде, комсомол және партиялық органдарда жұмыс істеген. 1991 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Аудан әкімі болып тағайындалғанға дейін осы аудан әкімінің орынбасары болған.

Ал бұған дейінгі аудан әкімі Рысқали Ибдікеров басқа жұмысқа ауысуға байланысты қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны