02.03.2017, 14:11 4856

Қарағанды облысыныӊ студенттері жұмысшы мамандықтар арасындағы чемпионатына қатысады

1 наурызда кәсіби шеберлік бойынша өӊірлік конкурс басталды. Шара бір ай бойы өтеді. Оған Қарағанды облысыныӊ колледждерінен 117 студент қатысады.

Қарағанды. 2 наурыз. Kazakhstan Today - 1 наурызда кәсіби шеберлік бойынша өӊірлік конкурс басталды. Шара бір ай бойы өтеді. Оған Қарағанды облысыныӊ колледждерінен 117 студент қатысады.

Чемпионатты ұйымдастырушы - Қарағанды облысыныӊ Білім басқармасы және білім беруді дамытудыӊ оқу-әдістемелік орталығы.

Конкурс Worldskills Kazakhstan ұйымыныӊ талабына сай өткізіледі. Басты мақсаты - жұмысшы мамандықтарды насихаттау, олардыӊ мәртебесін көтеру, әлем бойынша кәсіби даярлау және біліктілік бойынша стандарттарын жетілдіру.

Чемпионатқа қатысушылар білім алып жатқан мамандықтары бойынша: аспаз ісі, құрылыс және сылақ жұмыстары, графикалық және веб-дизайн, сырлау жұмыстары, шаштараз өнері және т.б. машықтарын көрсетеді.

World Skills International (WSI) И халықаралық коммерциялық емес қауымдастық, оныӊ мақсаты кәсіби даярлау мен біліктілік стандарттарын және мәртебесін арттыру, әлем бойынша халықаралық жарыстар өткізу арқылы жұмысшы мамандықтарды насихаттау. Қауымдастық 1953 жылы құрылды. Қазіргі кезде ұйым қызметіне 76 мемлекет қатысады. Қазақстан ұйымға 2014 жылы қосылды.

WSI миссиясы жұмысшы мамандықтарға көӊіл аудару және жоғары кәсіптік стандарттарды дамытуға жағдай жасау болып табылады. Оныӊ басты қызметі - 22 жасқа дейінгі жастар арасында түрлі деӊгейдегі кәсіби жарыстар өткізу. World Skills жұмысшы мамандықтар арасындағы әлем чемпионаты екі жылда бір рет өткізілетін ірі шара. Оны "Жұмысшы қолдарға арналған олимпиада" деп те атайды.

karaganda-region.gov.kz сайты

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны