04.05.2008, 17:12 5426

Қарағанды облысының тұрғыны президенттің мәдени орталығына Қазыбек бидің шапанын тарту етті

Қарағанды облысының тұрғыны президенттің мәдени орталығына Қазыбек бидің шапанын тарту етті

Қарағанды. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін"- Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының Егіндібұлақ ауылының 86 жастағы тұрғыны 3 мамырда президенттің мәдени орталығына Қазыбек бидің шапанын тарту етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Тікелей алтыншы буындағы ұрпағы болып отырған А. Қожахметов 1700 жылдары Егіндібұлақ ауылында Орта жүзге билік жасаған Қазыбек би бабасының шапанын президенттің мәдени орталығының директоры Мырзатай Жолдасбековке сыйға артты.

Отбасының тарту еткен шапанының орнына Қызыбек бидің туысына "Волга" көлігі тапсырылды. Қарт зейнеткер табыс етілген сыйлық үшін алғысын білдіріп, ауылды қалпына келтіруді сұрады. Бүгінгі кезде ауылда 3 мың адам тұрып жатыр. Олардың негізгі кәсібі - ауыл шаруашығы.

Ақсақал айтқанындай, Қазыбек би өлер алдында өзінің ұлы Бекболатқа киіп жүрген шапанын берген. Ал ол өз кезегінде өзінің ұлына, сөйтіп ұрпақтап ұрпаққа беріліп отырған.

"Жүннен тігіліп, алтын жіппен өрнектелген шапанға реставрация жасау керек, ал оған 4-5 ай уақыт керек. Біз анықтағанымыздай, мата Бұхарада жасалғандықтан сол жақтан матаны әкелуге тапсырыз береміз. Ал шапандағы өрнектелген алтын жіптер Үндістан, Пәкістан мен Түркиядан жеткізілетін болады ", -деді президенттің мәдени орталығының директоры.

"Біздің мұражайымызда осындай бірегей заттың болатынын мақтан тұтамыз. Қазақ халқында ұлы адамдардың сақталған заттары өте аз, болғанның өзінде жеке коллекцияларда, немесе, әртүрлі жерлерде сақталуда. Сондықтан біздің коллекциямызға тағы да бір көне қымбат заттың қосылатыны біз үшін қуаныш. Бізде сондай-ақ, Абылайханның бір шапаны бар ", - деді М. Жолдасбеков.

Қазыбек би халықтың жаршысы, көшбасшысы және Орта жүзде мемлекеттілік пен заңның орындалуын көп жылдар бойы қадағалаған. Қазыбек бидің қазақ даласында әділ қазылық жасауы, елшілік қызметінде аса маңызды болған сөз өнері оның атағын шығарды. Қазақ және қалмақ халықтары арасында бейбітшілік Қазыбек бидің кемеңгерлігі арқасында орнатылды.

Қазыбек бидің есімі біртұтас мемлекетті құру және жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлтазаттық қозғалыстарымен байланысты. Ол "Жеті жарғы" заңдар топтамасын құрған жеті бидің құрамында болды. Қазыбек би тарихи жағдайды бағалай отырып, жүздер арасындағы қақтығыстарды тоқтатып, қалмақ, өзбек, орыстармен тату көршілестік қатынастарды орнатуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны