12.01.2010, 17:03 2717

Қарағанды облысының Ұлытау ауданының әкімі болып Берік Ибдіғалиев тағайындалды

Қарағанды облысының Ұлытау ауданының әкімі болып Берік Ибдіғалиев тағайындалды

Қарағанды. 12 қаңтар. Kazakhstan Today - Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметовтың бұйрығымен ҚР президенті әкімшілігімен келісу арқылы және Ұлытау аудандық мәслихаты депутаттарының мақұлдауы бойынша Ұлытау ауданының әкімі болып Берік Ибдіғалиев тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Берік Ибдіғалиев 1971 жылы 18 қыркүйек күні Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында дүниеге келген. 1994 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің тарих факультетін тәмамдаған. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.

Ол 2008 жылдың тамызынан бері Мемлекеттік тілді дамыту президенттік қорының директоры; 2008 ж. ҚР Президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2007 ж. "Алтынбек Сәрсенбайұлы" қорының төрағасы, 2006 ж. "Атамекен" ұлттық даму орталығы" ЖШС-нің директоры, 2005 ж. "Саяси білім қоры" қоғамдық қорының президенті, 2004 ж. "Ақ жол" демократиялық партиясы орталық аппараты жетекшісінің бірінші орынбасары, 2003 ж. Қазақстандағы ұлттық зерттеу институтының директоры, 2002 ж. Теміртау қаласы әкімінің орынбасары, 2001 ж. ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының бірінші орынбасары, 2000 ж. ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің сараптама орталығы жетекшісінің орынбасары, 1999 ж. ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, 1998 ж. ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі .... басқармасының бастығы, 1997 ж. ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары, 1995 ж. ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері болған. "Қазақ миссиясы" мақалалар жинағының авторы (2007ж), "Саяси түсіндірме сөздігі" кітабының бірлескен авторы (2007ж.) Үйленген, үш баласы бар.

Ал бұған дейін Қарағанды облысының Ұлытау ауданының әкімі болған Жаңбырбай Дәрібаев өз өтініші бойынша қызметтен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны