18.03.2008, 13:31 3181

Қарағанды облыстық әкімшілігі мен "Қазақмыс корпорациясы" ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қарағанды облыстық әкімшілігі мен "Қазақмыс корпорациясы" ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қарағанды. 18 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Кеше Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин мен "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС басқармаларының төрағасы Эдуард Огай өзара ынтымақтастық туралы кезекті меморандумға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Қазақмыс корпорациясы" еліміздегі ең ірі әлеуметтік бағдарлы кәсіпорындардың бірі. Оның басшылығы кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік ахуалы мен өз бөлімшелері орналасқан өңірді дамытуға баса назар аударады", - деді Н. Нығматулин.

Облыс басшысының айтуынша, "бұл меморандумның өңір үшін маңызы зор, ол қоғамның түрлі салаларына, соның ішінде өңірдің тіршілік қамтамасыздығына қатысты айрықша маңызды бірқатар мәселені шешуге мүмкіндік береді".

"Мәселен, корпорация "Сары Арқа" хоккей клубы мен "Шахтер" футбол клубын одан әрі қаржыландырып, облыстағы колледждер мен мектептердің 10 таңдаулы түлегін жетекші шетелдік жоғары оқу орындарында оқытуға қаржы бөледі. Корпорация сондай-ақ, жедел жәрдем қызметіне арнап қосымша автокөліктер, санитарлық қызметке арнап зертхана жабдықтары мен басқа да көптеген қажеттіліктерді сатып алады", - деді Н. Нығматулин.

Меморандумда бұған қоса кәсіпорынның Қарағанды, Балхаш, Жезқазған, Сәтпаев қалалары мен облыстың Ақтоғай және Бұхар-Жырау аудандарының әлеуметтік дамуына үлес қосатындығы қарастырылған. Бұл мақсатқа 1,8 млрд теңге бөлінеді.

"Бұл меморандумға әріптестік негізде, бизнес пен биліктің әріптестігі принципіне сәйкес қол қойылып отыр", - деді Эдуард Огай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны