12.04.2017, 20:59 2895

Қарағанды облыстық активі Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласын талқылады

Қарағанды облыстық активі Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласын талқылады

Қарағанды. 12 сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Қарағанды облыстық әкімдігінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ халқымыздыӊ XXI ғасырдағы ұлттық санасына арналған "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласын талқылау бойынша актив отырысы өтті,- деп хабарлайды өӊір әкімдігініӊ баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметініӊ ақпаратына сәйкес, Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошанов Қазақстан экономикалық жаӊғыру жолына түскенін, бірақ рухани жаӊғырусыз осынау жаӊғыртулардыӊ барлығы өз мәнінен айрылатынын атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қазақстан 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшеді. Президенттіӊ бұл шешімі еліміздіӊ жалпыәлемдік үдеріске кірігуін жеделдете түсетініне сенемін. Дүниежүзілік жетекші жоғары оқу орындарыныӊ оқулықтарында көрініс тапқан әлемдік үздік тәжірибе қазақ тілінде баяндалатын болады. Ал халқымыздыӊ бай рухани мұрасы қазіргі әлемдік ауыспалылық ахуалын ескере отырып қайта бағаланады. Бұл жаӊғыртуларға бірінші кезекте еліміздіӊ мектептері мен жоғары оқу орындары дайын болуға тиіс", - деді жиында өӊір басшысы.

Сондай-ақ, ол табысты ел дегеніміз - еӊ алдымен табысты адамдар, деп атап өте отырып, "Қазақстандағы 100 жаӊа есімніӊ" арасында қарағандылықтардыӊ аз болмайтынына сенім білдірді.

Баспасөз қызметініӊ ақпаратына сәйкес, жиынға ардагерлер, депутаттер, мемлекеттік органдардыӊ басшылары, шығармашылық зиялы қауым, бизнес, үкіметтік емес ұйымдар, саяси партиялар мен БАҚ өкілдері қатысты.

"Бүгінгі күні біз әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 мемлекеттіӊ қатарына ендік. Қазақстанныӊ экономикасы қуатты, іргетасы бекем. Енді бізді рухани, сананыӊ жаӊғыруы күтіп тұр. Халық бұл мақаланы көптен күтті, халық жаӊғыруға дайын", - деді Қазақстан Жазушылар одағыныӊ Қарағанды облыстық бөлімініӊ төрағасы, танымал ақын Серік Ақсұӊқарұлы.

Облыстық "Вайнах" шешен-ингуш этномәдени бірлестігініӊ төрағасы - Қазақстан халқы ассамблеясыныӊ Қарағанды облысы бойынша филиалы төрағасыныӊ орынбасары Увайс Джанаев өз сөзінде: "Мемлекет басшысыныӊ мақаласы төл мәдениетті, қалыптасқан дәстүрлер мен рухани құндылықтарды сақтай отырып қазақ тілін дамыту секілді басты бағдарды анықтап берді. Өйткені, қазақ рухани мәдениеті - қуатты идеология. Дәл осы қазақ рухани мәдениетініӊ жаӊғыруы біздіӊ бірегейлігімізді, бірлігімізді сақтауға жәрдемдесе алады, діни экстремизм, сепаратизм, әлемдік төӊкерістіӊ жаӊа түрлерініӊ жолындағы қуатты кедергіге айнала алады",- деп атап өтті.

Жиында сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаты Айман Түкбай, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетініӊ саясаттану және социология кафедрасыныӊ меӊгерушісі - саясаттану ғылымдарыныӊ кандидаты, доцент Дастан Көшербаев, Қарағанды облыстық жастардыӊ ресурстық орталығыныӊ ақпаратпен қамтамасыз ету және әлеуметтік технологиялар бөлімініӊ жетекшісі Ерғұлан Хамитов сөз сөйледі.

Жиын соӊында Ерлан Қошанов осынау маӊызды бағдарламалық құжаттыӊ мән-маӊызын облыстыӊ әрбір тұрғыныныӊ назарына таяу уақыттарда жеткізу туралы тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны