14.07.2009, 15:01 2719

Қарағанды облыстық прокуратурасы жаппай мал қырылу оқиғасына байланысты жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу шараларының орындалуын өз бақылауына алды

Қарағанды облыстық прокуратурасы жаппай мал қырылу оқиғасына байланысты жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу шараларының орындалуын өз бақылауына алды

Қарағанды. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қарағанды облыстық прокуратурасы Ақтоғай және Шет аудандарында жаппай мал қырылу оқиғасына байланысты жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу шараларының орындалуын өз бақылауына алды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қарағанды облысында жаппай мал қырылу оқиғасы шықты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Ақтоғай ауданының Абай, Жидебай, Нұркен, Сарытерек және Шет ауданының Ақжал, Ақшатау, Ағадыр, Кеңшоқы ауылдық округтерінде 29 маусымда ауа температурасының төмендеуі мен нөсерге, сондай-ақ, малды дер кезінде қораға қамап қорғамау салдарынан мал жаппай қырылды. Ақтоғай ауданында 987, Шет ауданында 1824 бас ұсақ мал шығынға ұшыраған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, көбінесе жүні қырқылған мал қырылған.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өлген мал санитарлық-мал дәрігерлік талаптарды сақтай отырып көмілді, қазір әкімнің орынбасарлары басқарған арнаулы аудандық комиссия оқиғаның себептерін анықтау үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны