12.05.2015, 19:27 3533

Қарағанды өӊірінде су тасқынынан зардап шеккендерге 220 млн теӊгеден астам өтемақы төленді

Үміткер Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлеу басталды, бүгінде шығынды өтеу бойынша 220 млн 527 мыӊ теӊге төленді

Қарағанды. 12 Мамыр. Kazakhstan Today - Үміткер Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төлеу басталды, бүгінде шығынды өтеу бойынша 220 млн 527 мыӊ теӊге төленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Осы жылдыӊ 12 мамырында тасқыннан зардап шеккен халыққа 220 млн 527 мыӊ теӊге көлемінде өтемақы төленді. Саран қаласы, Абай, Шет, Ұлытау және Жаӊаарқа аудандарыныӊ тұрғындары өтемақысын толық көлемде алды. Бұқар жырау ауданы бойынша өтемақы жарым-жартылай төленді",- деп мәлімдеді Қарағанды облысыныӊ әкімдігінен, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Аймақ әкімініӊ бірінші орынбасары Асылбек Дүйсебаевтыӊ тапсырмасы бойынша Қарағанды өӊірініӊ басқа қалалары мен аудандарыныӊ жұртшылығына өтемақы үш жұмыс күні ішінде төленіп бітуі тиіс.

Икімдіктен хабарлағандай, бағалау компаниялары апаттан келген шығын мөлшерін анықтау бойынша тиісті жұмыс жүргізген.

2015 жылдыӊ 12 мамырындағы мәлімет бойынша, облыста тасқыннан зардап шеккендерден шығынды өтеу туралы 1740 өтініш келіп түскен. Бағалау компаниялары барлық нысанды аралап, келген шығынды есептеп шықты. Қазіргі таӊда 1069 есеп дайын, енді тағы 671 нысан қалып отыр.

"Қарағанды облысы әкімдігініӊ резервінде 1 млрд теӊге көлемінде қаражат қарастырылған. Ал 16 мамырдан бастап тасқыннан зардап шеккен барлық аудан мен қалада тұрмыстық техника, құрылыс материалдары, үй жиһаздары төмен бағамен сатылатын жәрмеӊкелер басталады", - деп толықтырды әкімдіктегілер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны