30.01.2015, 15:38 4084

Қарағанды тұрғыны оқушы қыздыӊ Lexus "мініп" жүргенін жазып алған

Қарағанды тұрғыны көліктегі бейнебақылау жазбасына оқушы қыздыӊ Lexus көлігін жүргізіп жүргенін жазып алды

Қарағанды. 30 қаӊтар. Kazakhstan Today - Қарағанды тұрғыны көліктегі бейнебақылау жазбасына оқушы қыздыӊ Lexus көлігін жүргізіп жүргенін жазып алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бейне материалды YouTube арнасына lexter890 есімді пайдаланушы орналастырған. Онда көліктіӊ артқы орындығына оқушы қыз сөмкесін қойып, өзі жүргізуші орнына отырды. Бұдан кейін көлікке баласын ұстаған әйел келіп, жүргізушініӊ қасына отырады. Қыз бала көлікті оталдырып, жолға қарай беттегені көрінеді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Көліктіӊ иесі анықталды, ол заӊнама аясында әкімшілік жауапкершілікке тартылады", - деп түсініктеме берді облыстық ІІД-ніӊ баспасөз қызметінен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны