17.06.2013, 13:46 2922

Қарағанды тұрғыны үйінде снаряд және автоматтың екі оқшантайын сақтап келген

"Жедел басқару орталығының "102" пультіне белгісіз біреу Қарағандыдағы бір пәтерде оқ-дәрі сақталып тұр деп хабарлаған. Осы қоңырау бойынша Теміржол полиция бөлімінің жедел тергеу тобы анықтау жұмысын жүргізген. Нәтижесінде 43-жастағы қарағандылық келіншектің пәтерінен снаряд пен автоматтың екі оқшантайы тәркіленген. Келіншек оқ-дәріні зат қоятын бөлмеде сақтаған", - деді Ж.Сембеков.

Қарағанды. 17-маусым. Kazakhstan Today - Қарағандыда 43-жастағы әйелден полиция снаряд пен оғы бар автоматтың екі оқшантайын тәркіледі , деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Жаңатай Сембеков мәлім етті.

"Жедел басқару орталығының "102" пультіне белгісіз біреу Қарағандыдағы бір пәтерде оқ-дәрі сақталып тұр деп хабарлаған. Осы қоңырау бойынша Теміржол полиция бөлімінің жедел тергеу тобы анықтау жұмысын жүргізген. Нәтижесінде 43-жастағы қарағандылық келіншектің пәтерінен снаряд пен автоматтың екі оқшантайы тәркіленген. Келіншек оқ-дәріні зат қоятын бөлмеде сақтаған", - деді Ж.Сембеков.

Полицейлер жақын арада снарядтың көзін жояды. Қазір оқ-дәрінің қандай мақсатта сақталынғаны тергеу барысында анықталуда. Осы оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны