23.08.2011, 16:16 3017

Қарағанды тұрғыны жол ережесін бұзған "Газель" жүргізушісіне оқ атты

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қарағандыда "Оса" травматикалық пистолетінен жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысын жарақаттаған жігіт ұсталған. Бұл туралы Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Қарағанды. 23-тамыз. Kazakhstan Today - Қарағанды тұрғыны жол ережесін бұзған "Газель" жүргізушісіне оқ атты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қарағандыда "Оса" травматикалық пистолетінен жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысын жарақаттаған жігіт ұсталған. Бұл туралы Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

"18 тамызда Қарағандының ІІД екі ағайынды келіп, сағат 09.30 кезінде Бұхар-Жырау даңғылындағы базарда белгісіз біру қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, оларға "Оса" тапаншасынан оқ атқан деп шағымданған", делінген хабарламада.

Ағайындылар өздері жұмыс істеп жатқан фирмаға тиесілі "Газель" автокөлігінде келе жатқанын айтқан. Бұрылыстардың бірінде жол тәртібін бұздың деп соңдарына түскен "Тойота" автокөлігінің жүргізушісі сигнал беріп тоқтатуды талап еткен. Жолдың жағасына тоқтатып алып, жүргізуші ағайындыларға айқай салып, олардың біреуіне оқ атқан.

Полиция қызметкерлері 26-жастағы ер кісіні ұстап, "Газель" автокөлігіндегілермен жан-жал кезінде олардың біреуінің бетінен ұрғанын айтқан. Ол болса өз кезегінде қорғану мақсатында, тіркелген "Оса" тапаншасынан оған оқ атқанын айтып бағуда.

Қазіргі кезде тиісті сараптама тағайындалып, қару тәріленген. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны