14.05.2010, 12:01 2865

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары мен Қазақстанның солтүстік облыстарында 5 градусқа дейінгі суықтық сақталады

Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары мен Қазақстанның солтүстік облыстарында 5 градусқа дейінгі суықтық сақталады

Астана. 14 мамыр. Kazakhstan Today - Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары мен Қазақстанның солтүстік облыстарында 5 градусқа дейінгі суықтық сақталады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "14 мамырда Қазақстанның солтүстігі, орталығы мен шығысына суық антициклонның ықпалы таралады. Республиканың батыс, оңтүстік-шығыс обылстары атмосфералық фронттар аймағында болмақ, соған байланысты жаңбыр, найзағай болып, желдің екпіні күшейеді. Түнде Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде 0 - 2 градусқа дейінгі, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында - 0 - 5 градусқа дейінгі суқтық сақталады".

Сондай-ақ, ТЖМ ақпаратына сәйкес, таяудағы тәуліктерде "Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы облысында жылдамдығы секундына 15 - 20 метрге дейін жел соғады. Қызылорда облысында, түнде Ақтөбе облысында кей жерлерде шаңды боран, секундына 15 - 20 метрге дейінгі жылдамдықта жел соғады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны