16.07.2009, 10:51 1290

Қарағандыда 15 шілдеден бастап электр қуатының тарифі көтерілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаменті

Қарағандыда 15 шілдеден бастап электр қуатының тарифі көтерілді - ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаменті

Қарағанды. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда 15 шілдеден бастап электр қуатының тарифі көтерілді. Бұл туралы ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облыстық департаментінің директоры Николай Фомин мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Н. Фоминнің хабарлауынша, "Қарағанды Жылу Сбыт" ЖШС 30 күн бұрын департаментке электр қуатының тарифін 30%-ға көтермек ниетте екенін хабарлаған. Өтінімді қараған ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Қарағанды облыстық департаментінің мамандары тарифті 10%-ға көтеруге болады деген тұжырымға келді. Соның нәтижесінде кешеден бері 1 кВт электр қуатының құны 4,17 теңге болды, ал бұған дейін ол 3,79 теңге болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны