03.03.2017, 21:51 5905

Қарағандыда 2017 жылы емхана мен балаларды оӊалту орталығы іске қосылады

Жақын арада, сондай-ақ, жаӊа дене шынықтыру-сауықтыру орталығы ашылады, онда бассейн, күрес, бокс және ауыр атлетика залдары болады. Мұнымен қоса, биыл күрес орталығыныӊ құрылысы қолға алынбақ. Осылайша шенеуніктер өӊірде спортты дамытуға және оны жастар арасында насихаттауға ниетті.

Қарағанды. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағанды әкімі Нұрлан Иубәкіров қалалық қоғамдық кеӊесті үстіміздегі жылы қалада орын алатын өзгерістермен таныстырды. Алдағы уақытта сауда мен қызмет көрсету саласында ондаған нысан салу жоспарланған. Оныӊ ішінде қонақ үйі мен мейрамханасы бар Неке қию сарайы, жаӊа "Магнум" супермаркеті, "Еуропа" мейрамханасы, "Auto Good" автосалоны және "Рояль" бизнес-орталығы бар.

Мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында Ержанов к-сі, 28/1 мекен жайы бойынша жаӊа емхананыӊ құрылысы жүргізіліп жатыр. Бұдан басқа, "Луч" нейро-реабилитациялық орталығы, Майқ аллергологиялық орталық пен ұдық балалар ауруханасыныӊ базасында балалар оӊалту орталығы іске қосылады.

Жақын арада, сондай-ақ, жаӊа дене шынықтыру-сауықтыру орталығы ашылады, онда бассейн, күрес, бокс және ауыр атлетика залдары болады.

Мұнымен қоса, биыл күрес орталығыныӊ құрылысы қолға алынбақ. Осылайша шенеуніктер өӊірде спортты дамытуға және оны жастар арасында насихаттауға ниетті.

Биыл үш аудандық мәдениет үйі, бес аула клубы жөнделеді және "Локомотив" стадионыныӊ футбол алаӊыныӊ жабыны ауыстырылады. Осы мақсатта бюджеттен 250 миллион теӊге бөлінді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны