20.05.2016, 21:39 4430

Қарағандыда 21 мамырда алаӊға шығу жөніндегі үндеу парақ жапсырған жігіт ұсталды - ІІД

Қарағандыда қаладағы аялдамаларға 21 мамырда алаӊға шығуға шақырған үндеу парағын жапсырып жүрген 22 жастағы жігіт ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД-ніӊ баспасөз қызметі хабарлады

Қарағанды. 20 мамыр. Kazakhstan Today - Қарағандыда қаладағы аялдамаларға 21 мамырда алаӊға шығуға шақырған үндеу парағын жапсырып жүрген 22 жастағы жігіт ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД-ніӊ баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Ұсталған кезде оныӊ сөмкесінен діни ағымдағы әдебиеттер, жапсырма қағаз, қайшы және жарнама қиындылары тәркіленді. Оған әкімшілік хаттама толтырылды. Тәркіленген кітап сараптамаға жіберілді", - делінген ақпар хатта, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Аталмыш факті бойынша сот алды тергеу басталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны