22.08.2008, 18:47 3562

Қарағандыда 25 тамызда "Біз қандаспыз" қайырымдылық акциясы басталады

Қарағандыда 25 тамызда "Біз қандаспыз" қайырымдылық акциясы басталады

Қарағанды. 22 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда 2008 жылдың 25 тамызында АРТ телекомпаниясы облыстық қан құю орталығымен бірлесе отырып "Біз қандаспыз" қайырымдылық акциясын бастайды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне АРТ телекомпаниясының ақпараттық қызметінің жетекшісі Илия Сыздықова хабарлады.

"Біз қандаспыз" акциясы донорларды тартуға бағытталған. Біз қоғам назарын қан жетіспеушілігі проблемасына аударғымыз келеді. Жақында сатып алған Қан банкін донорлардың жетіспеушілігіне байланысты толтыру мүмкін болмай отыр. Қарағанды облысында қан құюды күн сайын ондаған адам қажет етеді. Өмір бойы қан препараттарына мұқтаж адамдар бар. Олар гемофилиямен, онкологиялық аурулармен ауыратындар. Донор қаны хирургиялық операциялар кезінде, күйік шалған немесе дене жарақаттарын алған кезде қажет. Сондай-ақ, босану үстіндегі әйелдерге де қан құю жиі қажет болып жатады", - деп түсіндірді И. Сыздықова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны