14.06.2011, 18:00 6847

Қарағандыда 3 жасар бала алтыншы қабаттан құлап түсті

Кеше Қарағандыда 20 сағат 10 минутта "Степной" ықшамауданының 6 қабатында орналасқан пәтердің ас бөлмесінің терезесіндегі торға сүйеніп тұрған 3 жасар бала жерге құлаған. 30 минут өткеннен кейін ол алған дене жарақаттарына байланысты облыстық медициналық орталықтың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Қарағанды. 14 - маусым. Kazakhstan Today - Қарағандыда 3 жасар бала терезеге ұсталған тормен бірге алтыншы қабаттан құлап қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кеше Қарағандыда 20 сағат 10 минутта "Степной" ықшамауданының 6 қабатында орналасқан пәтердің ас бөлмесінің терезесіндегі торға сүйеніп тұрған 3 жасар бала жерге құлаған. 30 минут өткеннен кейін ол алған дене жарақаттарына байланысты облыстық медициналық орталықтың жан сақтау бөлімінде көз жұмды.

Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, баланың анасы сәбиінің терезеге шығып алып, торға қатты жабысқанын байқамай қалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны