27.10.2009, 17:37 3051

Қарағандыда 3-ші Жылу электр орталығындағы апат салдарынан төртінші турбина тоқтатылды

Қарағандыда 3-ші Жылу электр орталығындағы апат салдарынан төртінші турбина тоқтатылды

Қарағанды. 27 қазан. Kazakhstan Today - Қарағандыда 3-ші Жылу электр орталығындағы апат салдарынан төртінші турбина тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Қарағанды Энергоцентр" ЖШМ бұқарамен байланыс бөлімінің маманы Александр Менщиковқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 17 қазанда төртінші турбина ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін тоқтатылған болатын. 18 қазанда оны қайта іске қосқанымен, қорғаныс тетігі іске қосылды. Тексеру жұмыстарына соған байланысты ұзақ уақыт жұмсалған, өткені, жұмыс істеп тұрған турбинаның температурасы 500 градусқа тең. Турбина тоқтатылған соң оны комиссия қарап шықты. Комиссия турбина генераторының обмоткасында қысқа тұйықталу болған деген тұжырымға келді.

3-ші Жылу электр орталығы - Қарағандыдағы басты жылу көзі. Қала тұрғындары тоңып қалмау үшін бойлерлер іске қосылды. ЖЭО жүйесіндегі ақауды қала тұрғындары аяз күшейгенге дейін сезінбеуге тиіс, деді А. Менщиков. Турбинаны жөндеу жұмыстары бірнеше аптаға созылуы мүмкін деп күтілуде.

Компаниядағылардың нақтылауынша, барлық төрт турбинаның ішінен ең жаңалауы - осы төртінші турбина, оған 21 жыл болған.

Қарағандыдағы жылыту маусымы 10 қазанда басталған. Қаладағы ауа температурасы түнде 10 градустан төмен түсуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны