26.01.2011, 18:00 3607

Қарағандыда 6-сынып оқушысы ішімдіктен уланып, ауруханаға жеткізілді

Қарағандыда 6-сынып оқушысы ішімдіктен уланып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы бүгін Қарағанды облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрбек Құзбақов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қарағанды. 26 - қаңтар. Kazakhstan Today - Қарағандыда 6-сынып оқушысы ішімдіктен уланып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы бүгін Қарағанды облысы прокуратурасы баспасөз қызметінің жетекшісі Нұрбек Құзбақов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, оқиға Сортировка кентіндегі №46 орта мектепте болған. "Мектепте жүрген 14 жастағы ер баланың жағдайы нашарлап, есінен танып қалған. Мұғалімдер жедел жәрдем шақырады. Дәрігерлер оқушыны "алкогольді затпен қатты уланған" деген диагноз бойынша облыстық клиникалық балалар ауруханасына алып кеткен", - деп түсіндірді Нұрбек Құзбақов.

Анықталғанындай, жасөспірім бала мектеп маңындағы дүкеннен бір шөлмек арақ сатып алады. "Ирине, бұл жағдай барып тұрған сорақылық. Осы факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Полицияға алкогольді ішімдікті кәмелеттік жасқа толмаған балаға сату жөнінде қажетті шараларды қолға алу тапсырылды. Және де мектепке арақ ішіп келген оқушыны мұғалімдері неге байқамады деген мәселе қаралап жатыр. Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі комитет баланың ата-анасымен жұмыс істеуде", - дейді Нұрбек Құзбақов.

Баспасөз қызметтің жетекшісі мәлім еткендей, бала ауруханадан әлі шыққан жоқ, дегенмен дәрігерлер оны үйіне жіберуге дайындап жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны