03.06.2013, 12:09 5042

Қарағандыда 9 жастағы мектеп оқушысы құрбысын тұншықтырып өлтірді

Жаға ұстатарлық оқиға 2 маусым күні 4 құрбы табиғатқа серуенге шыққан кезде орын алған.

Астана. 3-маусым. Kazakhstan Today - Қарағандыда 9 жастағы мектеп оқушысы құрбысын тұншықтырып өлтірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жанатай Сембеков мәлім етті.

Жаға ұстатарлық оқиға 2 маусым күні 4 құрбы табиғатқа серуенге шыққан кезде орын алған.

"Қарағанды қалалық ІІБ Киров бөлімі полициясына 3 маусымға қараған түні 49 жастағы әйел арызданып, өзінің 9 жастағы қызы жоғалғанын хабарлады. Баланы іздестіру жұмыстарына Қарағанды қалалық ішкі істер органдарының барлық гарнизоны жұмылдырылды", - деп атап өтті Ж.Сембеков.

Тәртіп сақшылары дүйсенбі күні таң ата қыздың құрбыларын тапты.

"Тергеу барысында 2 маусым күні 4 қыздың (олардың бірі 11 жаста) тоған жанына сейіл құруға шыққаны анықталды. Сол жерде балалар ұрланған қуыршақ үшін жанжалдасқан көрінеді. 9 жастағы мектеп оқушысы алдымен өзінің құрбысын ұрып, соңынан спорттық кеудешемен тұншықтырған. Ал өздері қыздың жансыз денесін тоғанның жанында тастап, үйлеріне тараған", - деді Ж.Сембеков.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны