05.07.2013, 11:29 6612

Қарағандыда адам өліміне әкелген жол апатын жасаған экс-шенеунікке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

16 ақпан күні алкогольді мас күйінде адам өліміне әкеліп соқтырған жол апатын жасаған Қарағанды облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бұрынғы бастығы Ерлан Өтешевке қатысты қозғалған қылмыстық іс тараптардың ымыраға келуіне байланысты тоқтатылды. Бұл туралы Өтешевтің қорғаушысы Тілеубай Сәтбеков мәлімдеді.

Қарағанды. 5-шілде. Kazakhstan Today - Қарағандыда адам өліміне әкелген жол апатын жасаған экс-шенеунікке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

16 ақпан күні алкогольді мас күйінде адам өліміне әкеліп соқтырған жол апатын жасаған Қарағанды облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бұрынғы бастығы Ерлан Өтешевке қатысты қозғалған қылмыстық іс тараптардың ымыраға келуіне байланысты тоқтатылды. Бұл туралы Өтешевтің қорғаушысы Тілеубай Сәтбеков мәлімдеді.

"Е. Өтешевке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Кеше кешке ол үйіне жіберілді", - деді Т.Сәтбеков.

Бұған дейін қорғаушыларға сілтеме жасап хабарланғандай, жапа шеккен тарап 26 маусым күні ымыраға келу туралы ресми өтінішке қол қойды.

Еске сала кетейік, 16 ақпан күні түнде жол апаты орын алып, салдарынан 53 жастағы әйел ажал құшты, 3 адам жарақаттанды. Гоголь мен Гудермесская көшелерінің қиылысында BMW X5 жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Toyota Corolla және Opel көліктерімен соқтығысты. BMW X5 темір тұлпарының тізгінінде Қарағанды облыстық Энергетика және ТКШ басқармасының бастығы, 41 жастағы Ерлан Өтешев отырғаны анықталды. Үш көліктің жүргізушілері де түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің ақпаратына сүйенсек, Е. Өтешевтің миы шайқалған.

Сараптама көрсеткендей, Е. Өтешев жол апаты кезінде орташа деңгейдегі алкогольді мас күйінде болған.

Жол апатынан кейін шенеунік өз еркімен қызметінен кетті. Бұдан бөлек, ол жарғыны бұзғаны және партияның беделіне нұқсан келтіргені үшін "Нұр Отан" ХДП қатарынан шығарылды.

20 ақпан күні бұрынғы шенеунікке айып тағылып, сол күні Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының шешімімен оны тұтқындау шарасы санкцияланды. Алайда айыпталушы денсаулығына байланысты ауруханада ем-дом қабылдауды жалғастырды. Е. Өтешев тергеу абақтысына 26 ақпан күні жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны