20.05.2013, 14:08 9217

Қарағандыда адам өмірін қиған жол апатына себепкер бұрынғы шенеунікті қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды

"Соттың санкциясымен Е. Өтешовті тұтқындау мерзімі 4 айға дейін ұзартылды. Тергеу сараптама қорытындысын күтуде", - деп нақтылады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

Қарағанды. 20-мамыр. Kazakhstan Today - Қарағандыда адам өмірін қиған жол апатына себепкер бұрынғы шенеунікті қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Масайған күйінде 16 ақпан күні ірі жол-көлік апатына себепкер болған Қарағанды облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бұрынғы бастығы Ерлан Өтешовті қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды.

Бұл туралы Қарағанды облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Соттың санкциясымен Е. Өтешовті тұтқындау мерзімі 4 айға дейін ұзартылды. Тергеу сараптама қорытындысын күтуде", - деп нақтылады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

Бұған дейін хабарланғандай, жол-көлік апаты бойынша Е. Өтешовке және жапа шеккен жүргізушілерге қатысты сот сараптамалары тағайындалған.

Қазіргі таңда бұрынғы шенеунік Қылмыстық атқару жүйесі комитеті департаментінің АК 159/1 тергеу оқшаулағышына тоғытылған.

Айта кетер болсақ, 16 ақпанға қараған түнде Қарағандыда жол-көлік апаты орын алып, салдарынан 53 жастағы әйел ажал құшып, 3 адам жапа шеккен болатын. Гоголь және Гудермесский көшелерінің қиылысында жолдың қарсы бетіне шығып кеткен BMW X5 көлігінің жүргізушісі Toyota Corolla және Opel-мен соқтығысқан. Шетелдік BMW X5 темір тұлпарының тізгінінде 41 жастағы Қарағанды облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бастығы Е. Өтешов отырған. 3 көліктің жүргізушілері де түрлі деңгейдегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің мәліметінше, Е. Өтешовтің миы шайқалған.

Сараптама Е. Өтешовтің жол-көлік апаты кезінде орташа деңгейде масайғанын растаған.

Адам өлімін қиған жол-көлік апатын жасаған шенеунік өз өтінішімен жұмыстан босатылды. Ол "Нұр Отан" ХДП қатарынан шығарылды.

2013 жылдың 19 ақпанында Е. Өтешовке қатысты ҚР ҚПК 132 бабына сәйкес күдікті ретінде тұтқындау хаттамасы толтырылған. Оның палатасына қарауылшы жасақ қойылды.

Оған 20 ақпан күні айып тағылып, сол күні Қарағанды қалалық Қазыбек би аудандық сотының санкциясымен қамауға алу жазасы қолданылды. Алайда денсаулығына байланысты айыпталушы ауруханада жатқан. Ол 26 ақпан күні тергеу оқшаулағышына қамалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны