03.03.2017, 22:01 6356

Қарағандыда айналма жолдыӊ құрылысына 48 млрд. теӊге қажет

Қарағандыда көліктер саны жыл сайын арта түсуде. Қазіргі кезде қалада 177 мыӊ автомобиль мен мотоцикл тіркелген. Олардыӊ басым бөлігі азаматтардыӊ меншігінде (154 мыӊ).

Қарағанды. 3 наурыз. Kazakhstan Today - Қарағандыда көліктер саны жыл сайын арта o?noaa. Қазіргі кезде қалада 177 мыӊ автомобиль мен мотоцикл тіркелген. Олардыӊ басым бөлігі азаматтардыӊ меншігінде (154 мыӊ).

Бүгінде қазірлі көлік инфрақұрылымыныӊ жүктемесін азайту бойынша мәселе туындап отыр. Жаӊа жолдар салу үшін көп қаржы керек.

"Қауіпсіздікке әсер ететін маӊызды фактор транзит көліктер үшін Орталық - Оӊтүстік бағытында айналма жолдыӊ болмауы. "ҚазАвтоЖол" АҚ жалпы құны 48 млрд. теӊгені құрайтын ұзындығы 49 км қаланы Солтүстік-шығыстан айналып өтуді қайта жөндеу мен салу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірледі. Бұл қаланыӊ көше-жол желісіне түсетін жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Бірақ қаржыландырудыӊ болмауына байланысты жобаны іске асыру кейінге қалдырылды", - деді Қарағанды облысы әкімініӊ орынбасары Сәбит Оспанов Қарағанды қалалық мәслихатыныӊ сессиясында сөйлеген сөзінде.

Оныӊ айтуынша, қала әкімдігі қаржы бөлу қажеттілігі туралы хатты Премьер-Министрге жолдады. Икімніӊ орынбасары депутаттардан Үкіметке тиісті өтініш жолдауларын сұрады.

Қаладағы апаттылық жоғары болып қалуда.

Полицияныӊ мәліметінше, 2016 жылы Қарағандыда 4000 аса ЖКО орын алды, соныӊ ішінде 257-сінде адамдар құрбан болған және зардап шеккен.

38 адам жол апатыныӊ салдарынан көз жұмды, 262-сі түрлі жарақаттар алған.

2017 жылдыӊ екі айында 12 ЖКО тіркелді, соныӊ салдарынан 14 адам зардап шеккен.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны