14.02.2007, 17:48 2894

Қарағандыда әскери бөлімшелердің біріндегі "әлімжеттік" дерегіне қатысты сот мәжілісі басталды

АЛМАТЫ. 14-ақпан. Kazakhstan Today. Қарағанды қаласының әскери сотында әскери бөлімшелердің біріндегі "әлімжеттік" дерегі бойынша сот мәжілісі өтуде. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қарағанды облысының әскери прокуратурасынан хабарлады.

Прокуратураның ақпараттарына сүйенсек, "әлімжеттік" дерегі мен бір қатардағы жауынгерді өзіне-өзі қол жұмсауға мәжбүр етуге кінәлі деп төрт әскери қызметкер айыпталуда. "Олардың екеуі қамауға алынған, ал екеуі аталмыш әскери бөлім басшыларының бақылауында жүр",- деп түсіндіреді мекемедегілер. Сотталушылар өз кінәларын мойындамай отыр.

Бұрын хабарлағанымыздай, 2006 жылдың 1-қарашасында 6506 әскери бөлімшесінде қарауыл қызметінде тұрған 19 жасар әскер Калашников автоматымен өзіне-өзі оқ атқан.

Тергеу барысында жаңа қабылданған әскерлерді ұруға қатысты 15 дерек және бір өзіне-өзі қол жұмсау дерегі анықталған. 7 әскери қызметін өтеушілер мен марқұм болған әскердің анасы жәбірленуші ретінде танылып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны