03.08.2006, 10:14 3145

Қарағандыда аудандық әкімдердің бірі отставкаға кетті

ҚАРАҒАНДЫ. 3-тамыз. Kazakhstan Today. Қарағанды қаласы Октябрь ауданының әкімі А.Эссе қызметінен босату туралы өтініш түсірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

А.Эссенің қызметінен кетуіне, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жуырда жемқорлыққа қатысты мәжілісте сөйлеген сөзі себеп болған.
Нақтырақ айтсақ, президент жемқорлыққа қатысы бар қарағандылық екі шенеуіктің есімдерін атаған болатын. Қала әкімінің орынбасары Дәулет Сәрсенбаев пен Октябрь ауданының әкімі Анатолий Эссе қызметтерінен босатылуы тиіс еді. Жемқорлық дерегі облыс басшыларының Елбасына ұсынған есеп құжаттарында атап көрсетілді.

Аудан әкімі бұл жағдайды былай түсіндіреді: "Менің пікірімше, егер, ары бар адам қала әкімінің әрекетін тоспай өтініш жазып өз еркімен қызметінен кетуі керек". "Мен Елбасының ұстанған саясатын толық құптаймын, және президенттің бұйрығы орындалатындығын білемін",-деді ол.

А.Эссенің өтініші қала әкімі Ислам Тоғайбаевтың қарауында. Ал Д.Сәрсенбаев Елбасы сөз сөйлеген кезде әлдеқашан қызметінен босатылған болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны