27.11.2012, 14:09 2853

Қарағандыда автоәуесқойларға қызмет көрсететін ХҚО өз жұмысын желтоқсанда бастайды

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап Қарағандыда автоәуесқойларға қызмет көрсететін Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) өз жұмысын бастайды.

Астана. 27-қараша. Kazakhstan Today - Қарағандыда автоәуесқойларға қызмет көрсететін ХҚО өз жұмысын желтоқсанда бастайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап Қарағандыда автоәуесқойларға қызмет көрсететін Халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚО) өз жұмысын бастайды.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта Қарағандыда арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығын құру бағытындағы жұмыстар ісжүзінде аяқталды. Автоматтандырылған автодром жабдықталып, автокөліктер сатып алынды. Автокөліктің тіркелгендігі туралы куәлік дайындайтын үш кешен, жүргізуші куәлігін дайындайтын бір кешен орнатылған.

"Желтоқсан айының басында ХҚО толығымен ашылуға дайын болады", - деді министр.

Дегенмен Қ.Қасымовтің сөзіне қарағанда, ағымдағы жылы еліміздің тағы 3 өңірінде осындай орталықтарды ашу мәселесі тұйыққа тіреліп отыр. "Икімдіктердің ақпараттарына қарағанда Алматы мен Ақтау қалаларында ағымдағы жылдың соңына дейін ХҚО-лардың негізгі ғимараттары салынып бітеді. Алайда инфрақұрылымының дайын болмай қалуы айқын", - деді ол.

Сонымен қатар министрдің сөзіне қарағанда, Астана қаласында салынуы тиіс орталықтың тек жобалық-сметалық құжаты ғана әзір. "Осыған орай Астана әкімдігі ХҚО-ны пайдалануға беру мерзімін 2013 жылдың мамырына астыру туралы өтініш білдірді", - деді ІІМ басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны