01.09.2011, 12:40 3144

Қарағандыда "балалар әлемі" сауда үйінде шыққан өрт сөндірілді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 31 тамыз күні таңертең, 17-ші ықшамауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатына жапсарлас салынған "Балалар әлем" дүкенінде өрт шыққан. Белгілі болғандай, дүкеннің 3 дүңгіршегі жанған. Жалынның тараған жалпы аумағы 30 шаршы метрді құрады.

Астана. 1-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қарағандыда "балалар әлемі" сауда үйінде шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 31 тамыз күні таңертең, 17-ші ықшамауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатына жапсарлас салынған "Балалар әлем" дүкенінде өрт шыққан. Белгілі болғандай, дүкеннің 3 дүңгіршегі жанған. Жалынның тараған жалпы аумағы 30 шаршы метрді құрады.

Құтқарушылар дүкеннің ішінен және тұрғын үйден 80 адамды, соның ішінде 20 баланы қауіпсіз аумаққа шығарды.

ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД-ның 48 адамы мен 13 техникасы тілсіз жауды бір сағаттың ішінде толығымен ауыздықтады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны