15.12.2008, 17:07 8347

Қарағандыда балаларды құтқарған жол полициясы қызметкерлері ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды

Қарағандыда балаларды құтқарған жол полициясы қызметкерлері ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды

Қарағанды. 15 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда балаларды құтқарған жол полициясы қызметкерлері ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Индустриальная Караганда" газетіне сілтеме жасап.

Қарағанды облыстық ІІД жол полициясының жеке батальонының инспекторы Қайрат Жұмабеков (қаза тапқан) пен Қарағанды облыстық ІІД жол полициясының жеке батальонының инспекторы Дмитрий Пугач мемлекет пен қоғам алдындағы ерлігі үшін Қазақстанның мемлекеттік награда - ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2008 жылдың 20 мамырында жол полициясының қызметкерлері Астанаға экскурсиямен барып қайтқан балалар мінген автобуспен бірге келе жатқан. ТЖМ мәліметінше, "Екатеринбург - Алматы (1320 шақырым) тас жолының бойында Ақмола облысының Аршалы ауданында 20 мамырда 19 сағат 45 минутта "ФАФ" автокөлігінің жүргізушісі басып озамын деп "Тойота" автокөлігімен соқтығысты, ал ол қарсы бағытта келе жатқан Қарағанды облысы ІІД жол полициясы басқармасының "ВАЗ-2110" патрульдік көлігімен соғысқан". Жол апаты салдарынан Қ.Жұмабеков оқиға орнында қаза тауып, Д.Пугач ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Жалпы сол жолғы жол апаты салдарынан екі адам қаза тауып, төртеуі ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны