18.09.2007, 18:56 3368

Қарағандыда бір ит адамды талап, өлтірді

Қарағандыда бір ит адамды талап, өлтірді.

Қарағанды. 18 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда бір ит адамды талап, өлтірді, деп "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қарағанды облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Полициядағылардың айтуынша, қыркүйектің 15-нен 16-сына қараған түні жедел басқару орталығына Пикетный көшесіндегі иесіз қалған үйде адамға иттің шабуыл жасағаны туралы ақпарат түскен. Төтенше оқиға орнына келген полицейлер, ротвейлер тұқымды иттің "адамға тастай жабысып қалғандығын" көрген. Итті атуға тура келген, бірақ еркекті құтқару мүмкін болмады. "Сараптама қорытындысы бойынша ит оның мойын тамырын тістеген",- деп хабарлады полициядан.

Кейінірек белгілі болғандай, тұрақты тұратын жері жоқ екі еркек иесіз үйдің аумағында жүргізіліп жатқан құрылысты күзеткен. Біреуі ұйықтап кетіп, ит шабуыл жасаған серіктесінің айқайынан оянып кеткен. Өтіп бара жатқандардың бірі көмек сұраған айқайды естіп, полицияға қоңырау шалған.

Иттің иесін анықтау әзірге мүмкін болмай отыр. Іс құқық қорғау органдарында қайғылы оқиға ретінде тіркелді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны