30.05.2011, 13:25 3685

Қарағандыда бірегей ескерткіш ашылды

Ескерткіш қоймас бұрын бастамашыл топ екі жүзге тарта еңбекті қарап шығып, Мұрат Мансұров пен Викентий Комковтың жұмыстарын лайық деп тапты. Монумент үлкен таңдаулы мейрамхананың аумағында орнатылды.

Астана. 30 - мамыр. Kazakhstan Today - Қарағандыда бірегей ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қарағандыда әлемде тұңғыш рет "Қайда-қайда? Қарағандыда!" деген қанатты сөзге ескерткіш орнатылған.

"Илемде мақал мен мәтелге немесе қанатты сөзге айналған ондаған қалалар болса, солардың қаратында еліміздегі өндірісті қала Қарағандының болуы оның тұрғындары үшін зор мақтаныш. Мәселен, "Тіліңмен Киевке жеткізуге болады", "Мәскеу көз жасына сенбейді", "Париж биікте тұр", "Барлық жол Римге алып барады"... деген сияқты. Бұл осындай ретпен әлем мәдениетіне, әлем тілдері тарихына енудің аталған қалалар үшін таптырмас үлгісі және үлкен мәртебе. Осы фольклорлық фонда "Қайда-қайда? Қарағандыда!" деген қанатты сөздің маржандай тізілуі керемет әсер береді. Оны бірінші кім ойлап тапты ол белгісіз болғанымен, осы сөзді қазір халықтың үлкені де, жасы да кеңінен қолданатыны қуантады. Ирі ол қазақ даласынан мыңдаған шақырым қашықтықтағы Мәскеуден Бруклинаға дейін қолданылады.... Сонымен қатар осы сөз тіркесіне бірнеше ән де арналды! Бізді қуантатыны ресми түрде 77 жылдығы тойланып отырған қаланың аңызға айналуы!", - деді салтанаттың ашыларында сөйлеген сөзінде бастамашыл топтың мүшесі Олег Назаренко.

Ескерткіш қоймас бұрын бастамашыл топ екі жүзге тарта еңбекті қарап шығып, Мұрат Мансұров пен Викентий Комковтың жұмыстарын лайық деп тапты. Монумент үлкен таңдаулы мейрамхананың аумағында орнатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны