20.04.2010, 14:57 3362

Қарағандыда бүгіннен бастап троллейбус паркі жабылды

Қарағандыда бүгіннен бастап троллейбус паркі жабылды

Қарағанды. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Қарағандыда бүгіннен бастап троллейбус паркі жабылды, 130 қызметкер жұмыссыз қалды. Бұл туралы "Троллейбус паркі" ЖШС директоры Алтынбек Шәкенов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

А. Шәкеновтың айтуынша, бүгіннен бастап қалалық әкімдік троллейбус паркімен арадағы шартты бір жақты бұзды. Қала басшылығының мәлімдеуінше, парк шарттың жекелеген бөлімдерін орындамай отыр және ол шығынды жұмыс істеуде.

Парк директорының айтуынша, Қазақстан бойынша ең арзан тариф - Қарағандыда, мұнда троллейбуспен жүру жолақысы 20 теңгені құрайды. Бюджеттік дотация көлемі 30 млн теңгеге жетеді, бірақ ол толық емес, шамамен 60% көлемде әрі бірнеше айға кешігіп түседі.

"Қосалқы бөлшектен 100 данасына тапсырыс беру керек болса, біз бар-жоғы 50-ге тапсырыс береміз. Өйткені, ақша келіп түскен кезде жартысына ғана жетіп жығылады, баға қымбаттай түсуде. Ал электр қуатының құны 200%-ға өсті, ал тариф бұрынғы қалпында қалып отыр", - деді А. Шәкенов.

Оның айтуынша, қала басшысы әзірге түсіністікке келмей отыр және мұндай жағдайдан шығу жолдарын іздестірген жоқ. Айта кету керек, кейінгі айларда Қарағандыда екі троллейбус бағыты жұмыс істеді, ал бұрын ол жетеу болған. 2002 - 2006 жылдары кәсіпорын 10 жаңа троллейбус сатып алған. Парк басшылығы оларды қайда жіберуді білмей отыр.

А. Шәкенов бұған қоса троллейбус паркінің жұмыссыз қалған қызметкерлері, соның ішінде өзі де не істейтіні беймәлім деп мәлімдеді. Кәсібін автобус жүргізушісіне ауыстыру үшін "Д" санаты болуы қажет, ал ол үшін ақылы оқып шығу керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны