09.10.2015, 14:17 4689

Қарағандыда екі саяжай қоғамында ірі өрт болды

Қарағандыда құтқарушылар бір тәуліктіӊ ішінде саяжай қоғамдарындағы ірі өрттерді сөндірген. Өрт салдарынан 50-ден астам құрылыс бүлінді, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен

Қарағанды. 09 Қазан. Kazakhstan Today - Қарағандыда құтқарушылар бір тәуліктіӊ ішінде саяжай қоғамдарындағы ірі өрттерді сөндірген. Өрт салдарынан 50-ден астам құрылыс бүлінді, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"8 қазан күні сағат 13:45-те Қарағандыдағы "Елочка" саяжай қоғамыныӊ аумағынан өрт шықты. 10 га аумақта қураған ағаш-шөптер, қоқыс, ағаш қоршаулары, 13 тұрғын және иесіз қалған 23 саяжай үйі отқа оранды", - делінген хабарламада, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Оқиға орнына облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамыныӊ 32 адамы мен 9 техникасы жіберілген. Тілсіз жауды ауыздықтауға алты сағатқа жуық уақыт кетті.

Ведомствоныӊ ақпаратынша, 9 қазан түнінде осыған ұқсас жағдай "Дружба-2" саяжай қоғамында орын алған. Өрт аумағы 10 га жерді құраған. Өрт салдарынан 16 саяжай үйі бүлінді. Тілсіз жаумен күресте өрт сөндіру қызметініӊ 41 адамы мен 10 техникасы жұмылдырылған.

Құтқарушылардыӊ мәліметтерінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттіӊ шығу себептері анықталуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны