22.11.2012, 12:43 2511

Қарағандыда инвестициялық форум қорытындысы бойынша жалпы құны 300 млрд теңгеден асып жығылатын меморандумдарға қол қойылды

Журналистерді бұл форумды ұйымдастыру үшін қанша қаражат жұмсалғаны қызықтырды. "Көп емес. Негізінен бұл демеушілердің қаражаты. Шамамен 70 млн. теңге жұмсалды", - деп жауап берді И.Құсайынов.

Қарағанды. 22-қараша. Kazakhstan Today - Бүгін Қарағандыда өткен "ҚарағандыИнвест-2012" атты ІІІ халықаралық форум қорытындылары бойынша әлеуетті инвесторлармен жалпы сомасы 300 млрд.теңгеден асатын 27 жобаны жүзеге асыру жөнінде келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Сіз жаңа ғана меморандумдарға қол қоюдың куәгері болдыңыздар. Олардың ішінде екеуін ерекше атап өткім келеді. Бұл - Бұқар жырау ауданындағы Кузнецк көмір бассейнінде малайзиялық компаниямен бірігіп бағасы 150 млрд. теңге, немесе 1 млрд. доллар, қуаттылығы 900 МВт болатын жаңа электр стансасын салу жобасы. Екінші жоба - біздің аумағымызда неміс компаниясымен бірлесіп бағасы 38 млрд. теңгені құрайтын жүк вагондарын шығаратын зауыт салу", - деді облыс әкімі Ибілғазы Құсайынов журналистерге берген сұхбатында.

Ол түрлі салаларда инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отырғанын атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Журналистерді бұл форумды ұйымдастыру үшін қанша қаражат жұмсалғаны қызықтырды. "Көп емес. Негізінен бұл демеушілердің қаражаты. Шамамен 70 млн. теңге жұмсалды", - деп жауап берді И.Құсайынов.

Жергілікті билік ықтимал инвестициялар ағынымен бірге форумның пайдалы әрекет коэффициенті жеткілікті болатынына сенеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны