23.10.2018, 17:59 5005

Қарағандыда "IT-WEEKEND.KZ - 2018" халықаралық Форумы өтті

Илемге танымал ІТ-мамандар Қарағандыны Террикон алқабы деп атауды ұсынды.

Қарағанды. 23 қазан. Kazakhstan Today - Кеншілер қаласында тек еліміздіӊ өндірістік аймағы болып қана қоймай, сонымен қатар цифрлық технологияларды дамыту орталығына айналу әлеуеті пайда болды. Илемге танымал ІТ-мамандар Қарағандыны Террикон алқабы деп атауды ұсынды.

Төрт күн аралығында Қарағандыда "IT-WEEKEND.KZ - 2018" халықаралық Форумы өтті. Шараға барлық аймақтардан және басқа елдерден жоғары технология мамандары жиналды. Форумныӊ "Қарағанды - ІТ-кеӊістіктіӊ бастау алаӊы" атты басты панельдік сессиясына Қарағанды облысыныӊ әкімі Ерлан Қошанов қатысты. Аймақ басшысы өз сөзінде бүгінгі таӊда ІТ-нарық - барлығымыз үшін керемет мүмкіндіктер және бастама позициялар болып табылатынын атап өтті.

"Елбасыныӊ бастамасыныӊ арқасында елімізде "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Алдыӊғы қатарлы елдер цифрландыруға ондаған жылдар бойы қателіктер мен тәжірибелер арқылы жеткен. Бұл әлемдік тәжірибе ІТ-саланы дамытуға арналған стратегия болып табылатын "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасында ескерілген", - деп қосты Ерлан Қошанов.

Ұйымдастырушылардыӊ айтуынша, Қарағанды ІТ-форумды өткізетін жер ретінде бекерден таӊдалған жоқ. Қалада ЖОО және мамандандырылған колледж негізіндегі мықты математикалық мектеп бар. Қарағандылық бағдарламалаушылар Google секілді әлемніӊ алдыӊғы қатарлы ІТ-компанияларында қызмет етеді. Бұған қоса, облыста цифрлық "ерекшеліктер" енгізіліп жатқан сәтті үлгілер бар. Мысалы, денсаулық сақтау және білім беру саласы көптеген нәтижелерге қол жеткізген. Үйде отырып, дәрігердіӊ қабылдауына жазылуға, медицина қызметкерін үйге шақыруға және қажетті дәрі-дәрмектіӊ рецептін жазғызып алуға мүмкіндік беретін Даму мед қосымшасы сәтті жұмыс істеп жатыр. Қарағандылық айти мамандардыӊ зерттемесі қазіргі күні Қазақстанныӊ барлық қалаларында қолданысқа енгізілді. Тек Қарағандыныӊ өзінде-ақ бұл қосымшамен 300 мыӊнан астам адам пайдаланады.

"Мұнда, Қарағандыда математикалық ой өрісі дамыған, осы салада өзіӊмен теӊ адамдармен сөйлесе аласыӊ. Осында қазір жастар, тәжірибелі мамандар, табысты кәсіби қызметкерлер, ғылым мен билік өкілдері өзара байланыс орнатып, драйв құрып, жаӊашылдықтар ойлап тауып, өздерін де, өӊірді де, жалпы елді дамытуға талпынатын бірегей алаӊ құрылып жатыр", - деді сессияда депутат Павел Казанцев.

Өз кезегінде,форумға қатысушылар қарағандылық ІТ хабты Террикон алқабы деп атауды ұсынды.

-Силикон алқабы бар, ал Қарағандыда өзініӊ Террикон алқабы болады. Мен оны қолдаймын, - деді Ерлан Қошанов.

Осыған орай аймақ басшысы өзініӊ орынбасары Алмас Айдаровқа және "Қарағанды облысыныӊ ақпарат, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мұрағаттар" МБ жетекшісіне тапсырма берді.

Сессия соӊында Ерлан Қошанов форум шеӊберінде өткен хакатон жеӊімпаздарына ақшалай сертификаттар табыс етті. Жеӊімпаздар 500 000 теӊгеден иеленді, ол атақты ҚММУ студенттері атанды. Олар мүмкіндігі шектеулі адамдарға немесе төсек тартып қалған науқасқа көмекші немесе ауру күтуші тауып алуға болатын мобильді қосымша жасап шығарған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны