21.11.2012, 15:26 2841

Қарағандыда "ҚарағандыИнвест-2012" ІІІ Халықаралық инвестициялық форумы өтті

2012 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанға 10 млрд. АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тартылды.

Қарағанды. 21-қараша. Kazakhstan Today - Қарағандыда өткен "ҚарағандыИнвест-2012" ІІІ Халықаралық инвестициялық форумына Премьер-Министрдің орынбасары-индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

2012 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанға 10 млрд. АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестициялар тартылды.

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары-индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев мәлім етті.

"Тартылған инвестициялар бойынша бізде жақсы нәтижелер бар. Тек соңғы 4 жылдың ішінде елге 62 млрд. АҚШ доллар тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Бұл ретте, 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында 10 млрд. АҚШ доллар тікелей инвестиция келді", - деп атап өтті И.Исекешев Қарағандыда өткен "ҚарағандыИнвест-2012" ІІІ Халықаралық инвестициялық форумында сөйлеген сөзінде.

Бұл ретте ол, негізгі көрсеткіш болып табылатын өңдеу өнеркәсібіндегі жетістіктерді атап өтті. "Бұл жерде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы 2010 жылдан бері 5,7 млрд. АҚШ доллары көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Бұл тәуелсіздіктің 20 жылында өңдеу өнеркәсібіне тартылған тікелей инвестициялардың 35 пайызын құрайды", - деді ол.

И.Исекешев сондай-ақ инвестицияларды тарту мақсатында соңғы 2,5 жыл ішінде АҚШ, Франция, Германия, Корей, Жапония, Малайзия, Австрия және тағы да басқа елдерде 50 іс-шара өткізілгенін жеткізді. Оның айтуынша, жалпы сомасы 400 млрд. АҚШ долларына 150-ден астам екіжақты құжаттарға қол қойылды.

Вице-премьер қазір инвестициялық саясатқа әсер етіп отырған үш факторды белгіледі. Бұлар - әлемдік экономикадағы технологиялық революция, интеграциялық процестер және Қазақстанның жаңа индустрияландыру бағдарламасы.

И.Исекешев Индустрияландыру картасына 707 жоба енгендігін және олардың 430-ы іске қосылғандығын еске салды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны