30.05.2008, 12:48 2886

Қарағандыда "ҚарағандыИнвест - 2008" II халықаралық инвестициялық форум өтуде

Қарағандыда "ҚарағандыИнвест - 2008" II халықаралық инвестициялық форум өтуде

Қарағанды. 30 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда 30-31-мамырда ел президентінің тапсырмасымен және ҚР үкіметі мен "Қазына" ТДҚ" АҚ-ның қолдауымен "ҚарағандыИнвест - 2008" II халықаралық инвестициялық форум өтуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Қарағандыға әлемнің 35 елінен, соның ішінде Солтүстік Америка, Еуропа, Азия, Таяу Шығыс пен Африкадан 800-ден астам өкіл келді.

Форум қатысушыларының назарына Қарағанды кәсіпорындарының жалпы құны 5 млрд долларды құрайтын 147 жобасы ұсынылады. Соның ішінде тау-кен өнеркәсібі, химиялық, жеңіл өнеркәсіп, металлургия, машина жасау, құрылыс, ауылшаруашылығы және туризм салалары бар.

"Қазақстан Республикасына деген, соның ішінде Қарағанды облысына деген қызығушылық жоғалған жоқ, керісінше, жыл сайын өсе түсуде. Дүниежүзілік қауымдастық Қазақстанның өз алдынан шыққан барлық тауқыметтерді еңсергенін атап өтті деп сеніммен айта аламын", -деді форумды ашқан Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов.

"Қазақстан шетелдік инвестицияларды қолдаушы ел ретінде қала береді. Біз сіздерден инвестициялар күтеміз және жан-жақты қолдау көрсететін боламыз", -деді ол инвесторларға қаратып айтқан сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны