07.06.2011, 13:22 3306

Қарағандыда кәсіпкердің көлігінен 7,5 млн теңге ұрланды

Дүйсенбі күні "Да-НИ" ЖШС директоры Қарағандының Үштөба ауылынан банкке келіп, 7 млн 500 мың теңге алған. Ауылға қайтып келгенол танысының үйіне кіреді. Кәсіпкер "Тойота" көлігінен небәрі 10 минутқа ғана шыққан. Қайтып оралған ол көлігінің артқы терезесінің сынып жатқанын көрген. Ақша асалынған сөмке орнында жоқ болып шыққан.

Қарағанды. 7 - маусым. Kazakhstan Today - Қарағандыда белгісіз біреулер кәсіпкердің көлігінің терезесін сындырып, 7,5 млн теңге ұрлап кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Дүйсенбі күні "Да-НИ" ЖШС директоры Қарағандының Үштөба ауылынан банкке келіп, 7 млн 500 мың теңге алған. Ауылға қайтып келгенол танысының үйіне кіреді. Кәсіпкер "Тойота" көлігінен небәрі 10 минутқа ғана шыққан. Қайтып оралған ол көлігінің артқы терезесінің сынып жатқанын көрген. Ақша асалынған сөмке орнында жоқ болып шыққан.

"Осындай қомақты ақша салған сөмкені көілкке қалдырып кеткен азаматтардың бейқамдығы таң қалдырады",- деді облыстың ІІД ақпарат басқармасының бастығы Жанатай Сембеков.

"Қылмыскер кәсіпкердің ізіне түсіп аңдыған және де оның көлігінде қомақты қаржының болғанын білген деген болжам бар",- деп атап өтті ол.

Аталмыш дерекке қатысты ҚР ҚК 175 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны