25.02.2009, 17:46 3325

Қарағандыда кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасалды

Қарағандыда кәсіпкерге қарақшылық шабуыл жасалды

Қарағанды. 25 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда 24 ақпанда кәсіпкерге қарулы қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі жәбірленуші ер адамның туыстарының хабарына сілтеме жасап.

Олардың айтуынша, таңертеңгі сағат 08.00-де 31 жастағы кәсіпкерді үйден шыға бергенде бір славян текті еркек жеңіл автокөліктен шығып келіп, бытыралы мылтықтан атып кеткен.

"Төрт оқ тиіп жаралған адам пәтерге келіп есінен танып қалған", - деп хабарлайды туыстары.

Шақыру бойынша келіп жеткен "жедел жәрдем" оны ауруханаға жеткізген. Оған бірден операция жасалған. Туыстарының айтуынша, жаралы жігіттің жағдайы аса ауыр. Оған тағы бір операция жасалуы мүмкін. Туыстары оған жасалған қарақшылық шабуыл кәсіпкердің жұмысына байланысты деген пікірде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны