10.10.2012, 18:41 3594

Қарағандыда кәсіпкерлер форумы өтуде

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, шара аясында шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған дәрістер, мастер-кластар мен таныстырулар өткізіледі.

Астана. 10-қазан. Kazakhstan Today - Қарағандыда облыс кәсіпкерлерінің форумы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, шара аясында шағын және орта бизнес өкілдеріне арналған дәрістер, мастер-кластар мен таныстырулар өткізіледі.

"Бүгінгі форум өңірдегі шағын және орта бизнес құрамы, кәсіпкерлер, даму институттары, билік органдары арасындағы қатынастарда болуы мүмкін проблемалар талқыланатын алаң болып табылады. Жалпы, Қарағанды облысы табысты дамып келеді, барлық көрсеткіштер бойынша өсім байқалады. 2011 жылы шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 20% құраса, осы жылы 21,3% болады деп күтілуде. Илем елдері экономикасының шамамен 50% шағын және орта бизнес құрайды, мұндай форумдарды өткізу экономиканың басты міндеттерін шешу болып табылады", - деді Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Инуар Ахметжанов форумның ашылуында сөйлеген сөзінде.

Форум қонақтарының арасында - Қарағанды әкімі Мейрам Смағұлов, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрағасы, "Ұлттық технологиялық даму агенттігі" АҚ, "KaznexInvest" Ұлттық экспорт және инвестициялар агенттігінің басшылары болды. Шақырылған спикерлер "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасына қалай қатысу керектігі жөнінде өз ұсыныстарын айтады.

Форум жергілікті өндіріс тауарларының көрмесін ашу рәсімінен басталды. Күннің бірінші жартысында бағдарламалардың таныстырылымы, екінші жартысында өңірдің жетекші компаниялары қызметінің таныстырылымы өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны