15.05.2015, 17:24 11715

Қарағандыда "Қауіпсіз балалық шақ" акциясы өтті

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтыӊ алдын алу - басты міндет. Бұл мәселе қазіргі таӊда көкейтесті мәселелердіӊ біріне айналып отыр, себебі тұрмыстық қиын жағдайға душар болған балалардыӊ саны әлі де азаймай отыр

Қарағанды. 15 Мамыр. Kazakhstan Today - Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтыӊ алдын алу - басты міндет. Бұл мәселе қазіргі таӊда көкейтесті мәселелердіӊ біріне айналып отыр, себебі тұрмыстық қиын жағдайға душар болған балалардыӊ саны әлі де азаймай отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2015 жылдыӊ 12-14 мамыр аралығында Қарағанды-Сұрыптау ст. Ішкі істер желілік басқармасыныӊ қызмет ету аумағында кеӊ көлемді "Қауіпсіз балалық шақ" акциясы болып өтті.

Іс-шараныӊ негізгі мақсаты - құқықбұзушылық пен қылмыстардыӊ алдын алу және ескерту, кәмелеттік жасқа толмағандарға алкогольдік ішімдіктер, темекі өнімдерін сату, олардыӊ түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде қараусыз жүру фактілерін анықтау, олардыӊ құқықтық сауаттылығын арттыру.

Іс-шараға Қарағанды-Сұрыптау ст. ІІЖБ-ныӊ жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Сондай-ақ, оған жергілікті атқарушы органдардыӊ, прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау, Темір жол мемемелерініӊ және "Нұр Отан" ХДП өкілдері тартылды.

Шараныӊ алғашқы күні-ақ Қарағанды-Сұрыптау ст. ІІЖБ қызметкерлері полиция бөлімшелеріне кәмелетке толмаған 3 жасөспірімді жеткізді. Көлік полицейлері жедел-алдын алу шарасыныӊ алғашқы күнінде әкімшілік құқық бұзушылықтыӊ 2 фактісін анықтады. Олар қоғамдық орындарда ішімдік ішуге қатысты және кәмелетке толмағандардыӊ кешкі сағат 23:00-ден кейін заӊды өкілдерісіз тұрғын жайдан тыс жерлерде жүруіне қатысты деректер.

Қарағанды-Сұрыптау ст. ІІЖБ әкімшілік полиция қызметкерлері теміржолға жақын орналасқан оқу орындары мен оқу-тәрбие кешендерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қарағанды-Сұрыптау ст. ІІЖБ

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны