07.05.2007, 19:17 2846

Қарағандыда Қазақстанның Қарулы күштерінің құрылуына 15 жыл толуына және Жеңіс күнінің құрметіне әскери парад өтті

ҚАРАҒАНДЫ. 7 - мамыр. Қарағандыда Қазақстанның Қарулы күштерінің құрылуына 15 жыл толуына және Жеңіс күнінің құрметіне әскери парад өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Парад алаңда Қарағанды облысында туып-өскен, Кеңес Одағының Қаhарманы, ұшқыш Нүркен Ибдіровтің ескерткішінің жанында өтті. Парадта Қарағандыда орналасқан әскердің барлық түрлері қатысты. Искери барабаншылар, құрметті қарауыл ротасы мен барлау ротасы көрсетілімдер қойды.

Соғыс ардагерлерінің, облыс басшыларының және "Астана" аймақтық әскербасылығының әскер басы Владимир Щацковтың әскери қызметкерлер атына құттықтаулар айтылды. Оның айтуынша, "Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бергі жылдары, ел президенті, Қазақстан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың үздіксіз еңбегінің арқасында ұлттық қауіпсіздік мен мемлекетіміздің аумақтық тұтастығы сақталуда". "Мобильді қарулі күш құрылды. Бүгінде олардың құрамында тұрақты дайындықтағы бірлестіктер мен бөлімдер, әскер түрлері мен жоғары әскери және саями дайындық деңгшейін көрсететін жеке құрам бар",- деді ол.

Облыстың ең үздік әскери қызметкерлері үздік қызметі үшін медальдарымен марапатталып, атақтары көтерілді.

Құттықтаудан кейін бір минут үнсіздік жарияланып, парадқа қатысушылар Ұлы Отан соғысы мен жергілікті соғыстарда қаза тапқандарды еске алды. Мерекелік парад алаңдағы әскери үрмелі оркестр дыбысымен жүрген салтанатты маршпен аяқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны