25.01.2008, 11:35 1704

Қарағандыда кеншілердің "Қорғау" кәсіподақ ұйымы мен ArcelorMittal арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр

Қарағандыда кеншілердің "Қорғау" кәсіподақ ұйымы мен ArcelorMittal арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр

Қарағанды. 25 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда кеншілердің "Қорғау" кәсіподақ ұйымы мен жұмыс беруші компания - ArcelorMittal арасында келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қарағанды облыстық кәсіподақ ұйымдары федерациясының кеншілердің "Қорғау" кәсіподақ ұйымының талаптарын қолдау үшін кеше өткен баспасөз мәслихатында ұйым төрағасының орынбасары Сергей Сивков мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

ArcelorMittal компаниясының атынан вице-президент Франк Панниер қатысуда, ол әлеуметтік мәселелер жөніндегі көмекшісі Александр Зозулямен бірге Лондоннан арнайы ұшып келген, сондай-ақ, келіссөздерге көмір департаментінің жергілікті жетекшілері қатысуда. Келіссөздердің басты арқауы кеншілердің талаптары жайлы болмақ, соның ішінде : жалақыны 50%-ға көтеру, зейнет демалысына 50 жаста шығу, еңбек қабілетінен айырылып, ауырған кездегі төлемді толық төлеу, шахталарда газдың көптігінен лаваға түсетін жүктемені азайту, бір тонна көмірдің жоспарлы өзіндік құнын 60 доллардан кем емес көлемде белгілеу. Талқыланатын ең басты мәселе - жалақыны көтеру.

"Олар осы мәселенің қалай шешілетіндігі жөнінде үш күннің ішінде жауап беруге тиіс, өйткені, ұжымдардағы ахуал аса шиеленісті, жалпы алғанда адамдар бірінші кезекте жалақының көтерілгенін күтуде", - деді С. Сивков.

Оның айтуынша, басқа мәселелерді шешуге комиссияға екі апта уақыт берілді. Егер кеншілердің талаптары орындалмаса, кеншілердің "Қорғау" кәсіподақ ұйымы еңбек дауына баруға дайын.

"Біз өз талабымызда жағдайдың ауыр екенін, егер біздің үніміз жетпесе, кәсіподақ ұйымының еңбек шиеленісіне баруға дайын екенін мәлімдедік", - деп мәлімдеді С. Сивков.

Кеншілердің кәсіподақ ұйымына Қарағанды облысындағы барлық кәсіподақ ұйымдары бірікті. Олар кеншілерге қолдау білдіре келе талаптары орындалмаған жағдайда жаппай наразылық шараларына шығуға дайын екендіктерін мәлімдеуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны